Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көршісінің мұздатқышын үйіне кіргізіп алған азамат ұсталды

Павлодар облысының Екібастұз қаласында көршісінің мұздатқышын ұрлаған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерлі-зайыптылар ас үйдегі жиһаздардың орындарын ауыстыру туралы шешім қабылдап, “Stinoll” маркалы мұздатқышын көпқабатты үйде орналасқан пәтерлерінің кіреберіс алаңына шығарып, пәтердің есігін ашық қалдырған.

15 минуттан кейін үй иелері өздерінің мұздатқышының орнын сипап қалған.

Ұрлық орнына келген полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісіп, нәтижесінде аталған мұздатқыш көршілерден табылды.

Ұрлық жасағаны үшін полицейлер жәбірленушінің көршісінің баласын ұстады, ол анасына қонаққа келіп, кіреберісте тұрған мұздатқышты көрген. Қонаққа келген азамат көп ойланбастан бөтен біреудің мүлкін иемдену туралы шешім қабылдаған.

Полиция қызметкерлері мұздатқышты тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды, ал ұрыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру