Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арнайы қабылдау орнына түсетіндердің басым бөлігі кімдер?

Павлодар облысында жыл басынан бері 1425 тұрғын әкімшілік қамауға алынған. Олардың арасында отбасылық жанжал шығарғандар мен мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер бар, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында жыл басынан бері 1425 тұрғын әкімшілік қамауға алынған. Оның ішінде 26-сы – әйелдер. Бұл туралы Павлодар қаласының әкімшілік қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орнының бастығы Еркінжас Кәрімов мәлімдеді.

Оның айтуынша, арнайы қабылдау орнына жеткізілетіндердің арасында отбасылық жанжал шығарған азаматтар да бар. Биыл мұндай құқық бұзушылық жасаған 327 адам әкімшілік қамауға алынған.

Сондай-ақ мас күйінде көлік басқарған жүргізушілер де арнайы қабылдау орнына жиі түседі. Жыл басынан бері осы санат бойынша 506 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынған.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін сот шешімімен 10-нан 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы тағайындалады.

Бұдан бөлек, биыл қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін 51 азамат, ал ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 117 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынған.

Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және қолданыстағы заңнама талаптарын бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру