2 алаяқтыққа қатысы бар азамат анықталды
Сайрамдық полицейлер 2 алаяқтық жасаған азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сайрам ауданының ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын танысының дүкеніне келіп, жеті қорап алма алып, ақшасын каспи қосымшасы арқылы жіберемін дегенін, алайда танысының ақшаны жібермей, алдап кеткенін айтып арызданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 38.500 теңгені құрады.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті азаматты ұстап, бөлімшеге жеткізді. Қазіргі таңда күдікті жас жігітке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысында күдікті азаматтың құмар ойындарын ойнап, бірнеше адамға қарыз болғаны анықталды. Қарызын өтеу үшін күдікті осындай алаяқтыққа барған.
Сонымен қатар тергеу барысында күдікті азаматтың дәл осындай тағы бір алаяқтыққа қатысы бары анықталды. Ол жергілікті тұрғындардың бірінен төрт қап ұн алып, оғанда ақшаны каспи қосымшасы арқылы салып жіберемін деп алдап кеткен. Күдікті азамат өз кінәсін толықтай мойындады.