Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда күдікті екі бірдей велосипедті ұрлап әкеткен

Қарағандыда велосипед ұрлаумен айналысқан жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне  жергілікті тұрғындардан үйдің кіре берісіне қойған велосипедтерінің ұрланғаны туралы екі арыз келіп түсті.

Белгісіз біреу бірі 120 мың теңге, екіншісі 150 мың теңге тұратын екі велосипедті қолды қылған.

Аталған арыздар бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

8 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмыстарды жасауға күдікті ретінде 23 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру