Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді

Түркістан облысында полиция рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның санитарлық тазалығын сақталуға белсенді жұмыс жүргізуде. Осы бағытта Шардара ауданының полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шара өткізіп, көшелердің, сауда орындары мен қоғамдық тамақтану нысандарының айналасындағы тазалық жағдайын тексерді.

Рейд барысында азық-түлік дүкендері мен асханалардың маңында тұрмыстық қалдықтардың бей-берекет тасталғаны және санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды.

Полицейлер анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғаларға әкімшілік шара қолданды. Сонымен қатар нысан иелеріне аумақты қоқыстан тазарту қажеттігін түсіндіріп, алдағы уақытта тазалық талаптарын сақтау жөнінде ескерту жасады.

Полицияның бұл бағыттағы жұмысы тек құқық бұзушылықты анықтаумен шектелмейді. Басты міндет – тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақыру және елді мекендердің таза әрі жайлы болуына үлес қосу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру