Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді

Қызылорда тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті мен көмегі үшін ризашылығын білдірді.

Оқиға қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінің бірінде болған. Қызмет атқару барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлігіне жанармай құйып, ақысын төлемей кеткен азаматқа қатысты тексеру жүргізді.

Полицейлер көп ұзамай ер адамның жеке басын анықтап, тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде ол төленбеген қаражатты толық көлемде қайтарды.

Осы жағдайға байланысты қала тұрғыны Мырзахмет Қазыбаев патрульдік полиция қызметкерлеріне жедел әрі нәтижелі жұмысы үшін алғысын жеткізді.

Полиция қызметкерлерінің басты міндеті – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ғана емес, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру