Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық мектеп ұжымы полиция қызметкеріне алғыс білдірді

Ақсу қалалық полиция бөлімінің басшылығына учаскелік полиция инспекторы Рамазан Сағындықовтың атына алғыс хат келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ертіс ауданы Қарақұдық жалпы орта білім беру мектебінің ұжымы алғыс хатта полиция қызметкеріне мектеп автобусы жолда бұзылып, қиын жағдайға тап болған кезде көрсеткен көмегі мен азаматтық жанашырлығы үшін ризашылығын білдірген.

Мектеп ұжымы тәртіп сақшысының жедел әрекеті мен жауапкершілігінің арқасында оқушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, балалардың баратын жеріне аман-есен жетуіне ықпал етілгенін атап өткен.

Сондай-ақ хатта полиция қызметкерінің қиын сәтте қолдау көрсетіп, адамгершілік пен кәсібиліктің үлгісін танытқаны ерекше атап өтілген.

- Сіздің игі ісіңіз — халыққа адал қызмет етудің, өз міндетіңізге жауапкершілікпен қараудың жарқын көрінісі»l, — делінген алғыс хатта.

Мектеп ұжымы полиция қызметкеріне зор денсаулық, отбасына амандық, қызметіне табыс және ел игілігі жолындағы еңбегіне абырой тілеген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру