2 мыңнан астам шетелдік көші-қон қызметіне жүгінді
Солтүстік Қазақстан облысында еңбек қызметіне байланысты екі мыңнан астам шетелдік көші-қон қызметіне жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының көші-қон қызметінің бөліністеріне осы жылдың басынан бастап уақытша тұруға рұқсат алу үшін бес мыңнан астам шетелдік өтініш берген. Олардың ішінде 2008 өтініш еңбек қызметіне қатысты болды. Ресей Федерациясының 1400-ге жуық азаматы, 553 – Өзбекстан мен Тәжікстаннан келгендер жұмысқа тұрды және уақытша тұруға рұқсат алды. Олар көші-қон қызметіне еңбек келісім-шартын ұсынды, бұл оларға осы құжаттың әрекет ету мерзімі бойынша Қазақстанда уақытша тұруға рұқсат алуға құқық береді, бірақ бір жылдан аспайды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтарда көші-қон заңнамасына шетелдіктерді тіркеу нормалары алып тасталған өзгерістер енгізілді. Бірақ 30 тәулік ішінде шетелдіктер уақытша тұруға рұқсат алуы немесе елден кетуі керек. Жалпы, Қазақстан аумағында болу 180 күнгі аралықта 90 күннен аспауы керек. Жұмыспен қамтылу – уақытша тұруға рұқсат алу үшін басты негіз болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында еңбек патенті бойынша жұмыс істейтін шетелдік азаматтар да жұмысын жалғастырды.
– 13 мамырда көші-қон қызметі бөліністерінің жұмысы қайта жанданды. 15 күн ішінде көші-қон қызметтерін ұсынуға байланысты тоғыз мыңға жуық өтініш түсті. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы көші-қон қызметі қызметкерлерінің жұмысын бағалау болып табылады, сондықтан жедел және уақытылы әрекет ету – бұл бөлініс қызметкерлерінің басты басымдықтары, – деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.