Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жақсылық – барлығына қолжетімді”

“Жақсылық – барлығына қолжетімді” атты Алматыда полиция науқаны басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 мамыр мен 1 маусым аралығында балаларды қорғау күніне арналған “Жақсылық – барлығына қолжетімді” жалпы қалалық науқан басталды.

 

– Науқан аясында жағдайы нашар, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда. Сонымен қатар, мұғалімдермен бірге мектеп оқушылары арасында онлайн түрде сурет пен эссе байқауы өтеді. Жеңімпаздарға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар дайындалды. Науқанға қаланың барлық полиция Департаментінің жеке құрамы қосылды. Полиция қызметкерлері балаларға ойыншықтар, кәмпиттер, тамақ және т.б. түрінде сыйлықтар ұйымдастырды. Өкінішке қарай, карантиндік шараларға байланысты, жыл сайын қалалық деңгейде өткізілетін мәдени шараларды өткізу мүмкін емес. Соған қарамастан, біз өз қарауымыздағы отбасыларға барып, балаларды құттықтауға бел будық. Бұл – балалар үшін де, біз үшін де ерекше мереке. Балалардың күлкісі бүкіл Жер шарын жарыққа айналдырсын, әрбір кішкентай тұрғынның дені сау да бақытты болсын. Ата-аналарға шыдамдылық пен мейірім тілеймін. Балалардың қауіпсіз балалық шағы үшін ата-ананың өзі жауапты екенін ұмытпаған жөн, – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру