2 жасар бала терезеден құлап, қайтыс болды
Ақтөбе облысында көп қабатты үйдің терезесінен құлап кетіп, қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 шілде күні Ақтөбе облысы Хромтау аудандық ауруханасының жан сақтау бөлімінде 2018 жылы туған бала қайтыс болды. Оны 4-қабаттағы пәтердің терезесінен маскит торынан құлап, кіреберістің бетон үстіне түскен. Баланың анасы осы уақытта дүкенге азық-түлікке шығып, үлкен тоғыз жастағы ұлын баланың қасында тастап кеткен. Әкесі жұмыста болған.
Терезеден құлаған сәтте, үйдің қасынан оқиғаның кездейсоқ куәгері жігіт соңғы кіреберіс жағынан баланың дауысын естіп, жүгіріп келді. Ол кіреберістің үстіне мініп қараса, кішкентай баланың жатқанын көрді.
Бірден баланы көтеріп алып, аудандық ауруханаға апарды.
Өкінішке орай, алған жарақаттардан бала көз жұмды.
Облыс полицейлері ата-аналарын және барлық ересек адамдарды балалардың үйдегі ғана емес, сонымен қатар ойын алаңдарында, өзендер мен су қоймаларында шомылуға кеткент уақытта, велосипедпен серуендеуге және т.б. жағдайларда қауіпсіздігін бақылауда ұстауды сұрайды.
Үйде балалар және бірінші кезекте олардың ата-аналары қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Әрбір ата-ана баланың терезеден немесе балконнан түсу қаупін азайту үшін мынадай шараларды білуі қажет:
1.Егер үйде кішкентай бала болса, бір секундқа да оны жалғыз тастамаңыз. Терезелерді ашық қалдырмаңыз.
2.Терезені тиісті қорғаусыз қалдыруға болмайды. Москит торын орнатсаңыз да, балалардың терезе алдына шығуын болдырмаңыз.
3.Терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатуқажет, сол кезде баланың терезені өз бетінше ашуға мүмкіндік бермейді.
4.Әсіресе терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмаңыз.