Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мал ұрлығы төмендеді

Ақтөбе облысында алты айдың қорытындысы бойынша мал ұрлығы төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментімен қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде биыл алты айда Ақтөбе облысында мал ұрлығының төмендеуі байқалады. Алты айының қорытындысы бойынша мал ұрлығының 35 фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың кезеңімен салыстырғанда 69,5 пайызға төмен (2019жылы 115 факт). Жедел іс-шаралар барысында мал ұрлығын жасағаны үшін 51 адам және бес топ (екі және одан да көп ұрлық жасаған күдіктілер) ұсталды, сондай-ақ 213 бас мал табылып, иелеріне қайтарылды.

Биыл мамыр айында тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде мал ұрлығы үшін “өткен жылдардағы” төрт қылмысты жасаған күдіктілер тобының қатыстылығы анықталды. Материалдар сотқа жіберілді.

Бүгінгі күні мал ұрлығын ашу бойынша жәнеосы қылмыс түріне қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізілуде.

Криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және мүдделі органдар қызметкерлерінің ішінен жұмыс тобы құрылды, оның міндетіне ұрланған мүлікті сатып алу және жолын кесу, құқықбұзушылық жол беретіндер кіреді.

Ақтөбе облысының ПД бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетовтың айтуынша, барлық мал басын ауылдық әкімшіліктерде есепке қою, әр бастың таңбалануын жүргізу қажет.

Елді мекендерде ұйымдастырылған табындарға мән беру қажет. Малды топтасқан табындарға қосу арқылы ауыл тұрғындары еңалдымен өздерінің малының қолды болуының алдын алады. Егер бірнеше қарапайым ережелерді сақтасаңыз, онда сіз өз мүлігіңізді айтарлықтай қауіпсіздендіре аласыз. Мысалы, ешбір жағдайда қараусыз малды жайылымға жібермеңіз, өйткені алқапта немесе жайылымда жалғыз жайылып жүрген мал барымташылардың оңай олжасына айналады, – деді Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру