Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

2188 адам отбасы шырқын бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Павлодар облысында 2188 адам отбасы шырқын бұзғаны үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері отбасындағы тұрмыстық ахуалды бақылап, түрлі даулардың алдын алып, анықтау үшін тұрақты түрде тиісті шаралар өткізіп тұрады. Тұрмыста отбасы шырқын бұзуға бейім, ішімдікке салынған, жағдайы нашар отбасылар жиі кездеседі. Полиция сол санаттағы отбасыларды аралап, есепте тұрған адамдарды бақылап, кәмелетке толмағандарды тұрғылықты жері бойынша тексереді.

Жыл басынан бері 2188 адам әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде:
– 1636 (ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша)- отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер;
– 434 (ҚР ӘҚБК 73-1 бабы бойынша) -денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;
– 118 (ҚР ӘҚБК 73-2 бабы бойынша) – ұрып-соғу.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 3231 облыс тұрғынына қорғау нұсқамасы шығарылды. Сондай-ақ, 54 адамға қатысты мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленген.

Полицияға Павлодар қаласының тұрғыны арызданған, жұбайы үйде жанжал шығарып, балағат сөздер айтқан, қорқытқан.

Шақыртуға келген полиция қызметкерлері ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабы 2-бөлімі – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді. Сот қаулысымен құқықбұзушы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, қорғау ұйғарымын бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБК 461-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Әйелдер арасында да кикілжіңдер шығып тұрады. Тіпті оның арты кейде төбелеске айналып кететін кездері де бар.

Павлодар ауданы ауылдарының бірінде екі туыс бір-бірімен ұрысқан. Дау үстінде олардың біреуі екіншісін ұрып-соғады. Төбелеске себеп болған дүние – балалар велосипеді екен. Ағайындылардың бірі ол велосипедті тегін алдым деп ойлап, сатып жіберсе керек. Ал оның туысы велосипедті уақытша бергенін айтып, оны қайтаруды талап еткен. Учаскелік полиция инспекторымен ҚР ӘҚБК 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жіберілді.

Аудандық сотының қаулысымен азаматшаға 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру