Ауладан көлік ұрлап мінген ұры полиция қолына түсті
Қарағанды облысында бөтеннің көлігін ұрлаған ер адамға қатысты іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
23 шілде сағат шамамен 1.00-де Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 22 жастағы қала тұрғынынан арыз келіп түскен. Оның «Лада Приора» автокөлігін Әлиханов көшесі бойындағы үйдің ауласынан 30 минут бұрын ұрлап кеткендігін түсіндірді.
Аталған автокөлікті, патрульдік полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының белгілі бір көшесінен байқап қалып, оны тез арада ұстады.
Ұрлаушы Бұқар-Жырау ауданының 23 жастағы тұрғыны болып шықты.
Сауалнама жүргізу уақытында, ол алкогольдік ішімдік ішкендігі анықталды. Автокөлік өз иесіне қайтарылып, көлік иесі полиция қызметкерлеріне жедел қызметі үшін алғыс айтты.
ҚР ҚК 200-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.