Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалға пәтер алып жүрген жігіт қымбат техникаларды ұрлап келген

Шахтинск қаласының криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлыққа барған 34 жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұры белгілі бір схема бойынша әрекет еткен. Алдымен пәтерді жалға алып, ішіндегі тұрмыстық техникаларды үптеп кетіп отырған. Сондай қылмыстың бірі Ленинград көшесінің бойындағы пәтерде болды. Ұры телевизорды қолды қылыпты. Ұрлап алған заттарын кейін Қарағанды қаласының ломбардтарына тапсырған. Зардап шегуші тарапқа келген шығын 500 мың теңгеге шықты. 

Сонымен қатар, Шахтинск полициясы автокөліктерге ұрлыққа түскен қылмыскерлердің бірнеше ісін әшкере еткен. Оған 32 жастағы екі жігіт күдікті ретінде танылды. Олар өздері жасаған ұрлықты толықтай мойындады. Жәбірленушілерге олар 300 мың теңгеден көп шығын келтірген.

Барлық аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы “Ұрлық” бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру