Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция жол бойында сиыр қаққан “Мазда” иесін тергеп жатыр

Алматы облысының полициясы жолда сиыр қаққан жүргізушінің ісін тіркеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға хронологиясын қайталаған полиция қызметкерлері 21 шілде күні сағат 22:27 шамасында ер адамның басқаруында болған “Мазда-626” маркалы автокөлігінің “Алматы-Өскемен” автожолымен оңтүстік бағытта қозғалғанын және Қапшағай қаласынан бес шақырым жерде жануарды қағып кеткенін анықтады. Оқиға салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы зардап шекті. Екеуі де ауыр дене жарақаттарымен Қапшағай қаласының ауруханасына жеткізілді. Алайда, жолаушының алған дене жарақаттарының ауыр болуы салдарынан таңертең ол жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

ЖКО дерегі ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлімі бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

Жол-көлік оқиғасының барлық себептері мен жағдайлары сотқа дейінгі тергеу барысында қосымша анықталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру