Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-медициналық қолдау көрсетілді

Атырауда пробация есебіндегі азаматтарға әлеуметтік-медициналық қолдау көрсетілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД Бейнеу және Қарақия аудандық пробация қызметтері есепте тұрған тұлғалардың денсаулығына жіті мән беріп, әлеуметтік-медициналық қолдау көрсету бағытында маңызды профилактикалық шара өткізді.

Шара аясында пробацияда тіркеуде тұрған 60-қа жуық сотталған флюорографиялық тексеруден өтті. Медициналық қызмет көрсетуді Бейнеу аудандық және Жетібай аудандық орталық ауруханаларының мамандары жүргізді.

Флюорографиялық тексерудің басты мақсаты — туберкулез және тыныс алу жолдарының өзге де қауіпті ауруларын ерте кезеңде анықтау.

Тексеру нәтижесінде азаматтардың өкпе құрылымында патологиялық өзгерістер анықталған жоқ.

Аталған іс-шара — пробация қызметінің тек қадағалау ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған жүйелі жұмысының айқын көрінісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру