Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар белсенді қолданылуда

Павлодарда азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін цифрлық технологиялар белсенді қолданылуда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін цифрлық технологиялар енгізілуде. "Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде облыс жолдарында және Павлодар қаласының көшелерінде бейнетіркеу және зияткерлік мониторинг жүйелері белсенді қолданылады. Олар нақты уақыт режимінде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, абаттандыруды, вандализмді, ұсақ бұзақылықты тіркеуге, сондай-ақ полицейлерге жедел жұмыста көмектесуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінде жедел басқарудың шағын орталықтары жұмыс істейді, бұл қылмысқа қарсы күрестің құқықтық тәртібін қамтамасыз етудегі маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз қоғам құруға және халықтың сенімін нығайтуға бағытталған полиция қызметтерінің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

– Барлығы 1232 бейнекамера орнатылды, полицияның әр бөлімінде 72 қоғамдық бақылау камерасы және 5 аппараттық-бағдарламалық кешен камерасы бар, бұзушылықтарды тіркейтін қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған, - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Бұл кешендер бір мезгілде республикалық тізілімдер базасына қосылған. ЖБО операторлары анықталған құқық бұзушылықтарды полицияның кешенді күштерінің нарядтарына: патрульдік нарядтарға және учаскелік полиция инспекторларына береді. Азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу процестерін автоматтандыру үшін "Қазақтелеком" АҚ арқылы 102 цифрлық желісі қосылды.

Айта кету керек, осы жылы камералардың көмегімен 8 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, 90 қылмыс ашылды. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды.

Бұдан басқа, қазір облыс орталығында ұшқышсыз ұшу аппараттары - полицияның дрондары "кезекшілік етеді" және бұзушылықтарды тіркейді.

- Әрбір азамат басқалардың құқықтарын құрметтеуге, қоғамдық тыныштықты сақтауға ұмтылуға және өзінің мәдениетін көрсетуге тиіс. Көшедегі қылмыстардың алдын алудың негізгі құралы әкімшілік құқық бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларды жасауға мүлдем төзбеушілік көрсету болып қала береді.
Бұл үдерісте қаладағы құқықтық тәртіптің жай – күйіне белсенді қызығушылық танытатын азаматтық қоғамға ерекше рөл беріледі, - деп қорытындылады полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру