24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адам ұсталды
Алматы полициясы 24 жыл бұрын Беларуссияда кісі өлтірген адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Іздеу» ЖАІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласының жедел қызметкерлері ерекше қатыгездікпен кісі өлтірді деген күдікпен 67 жастағы К.азаматты ұстады. Белгіленгендей, ол соңғы жылдары Алматы маңында жасырынған.
– К.азамат 1996 жылдан бастап, біздің Беларуссиядан келген әріптестеріміздің ақпараты бойынша, ол, адам өлтірді деген күдікпен іздеуде болды және күдікті ретінде Беларусь Республикасы Қылмыстық кодексінің 100-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша іздестірілуде. Анықталғаны, К.азамат өз елінде бұзақылық үшін және адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін екі рет сотталған. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көп ұзамай ол Беларусь Республикасының Минск қаласына экстрадицияланып, жергілікті сот алдында жауап береді, – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.