Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “STOP-трафик” медициналық маскалары пайда болды

Алматыда “STOP-трафик” медициналық маскалары пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам саудасы, мәжбүрлі еңбекті заңсыз пайдалану, оның ішінде мигранттардың бостандығын заңсыз шектеу фактілерін анықтау және алдын алу мақсатында Алматы қалалық ПД қылмыстық Полиция басқармасының қызметкерлері адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы “116 16” сенім телефонының логотипі бар медициналық бетперделерді тарату бойынша науқан өткізді.

-“STOP-трафик” жедел-алдын-алу іс-шарасы шеңберінде біздің бөлімнің қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың, атап айтқанда “Родник” қоғамдық қорының өкілдерімен бірге Наурызбай ауданындағы көші-қон қызметі орталығында “Өзіңнің еңбек құқығыңды қалай сақтауға болады”, “Тоқта! Бала еңбегі” тақырыбында медициналық маскалар, жадынамалар мен буклеттерді тарату науқаны өткізілді. Науқан шаһардың халық көп шоғырланған аудандарының бірінде өтті. Мұнда шетелдік жұмысшылар көбінесе үй салуға, сондай-ақ әр түрлі типтер мен деңгейдегі құрылыс жұмыстарына пайдаланылады, – деді Алматы қалалық Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сонымен қатар, Алматы Полиция департаменті адамдарды қанау, атап айтқанда сатып алу-сату немесе адамға қатысты басқа мәмілелер жасау, сондай-ақ оны пайдалану немесе жалдау, тасымалдау, беру, паналау, қабылдау, сондай-ақ, басқа да әрекеттер жасау мақсатында пайдалану ҚР ҚК-нің 128-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру