Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды

Түркістан облысында "Жас сақшы" полиция сыныбы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Арыс қаласындағы С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебінде "Заң мен тәртіп" идеологиясын қалыптастыру, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында маңызды іс-шара өтті. Атап айтсақ, осы білім ордасының түлегі, ішкі істер органдарының ардагері, Арыс қаласының Құрметті азаматы, "Халық құрметі" және "Еңбек даңқы" ордендерінің иегері Пайзулла Сейітханұлы Абдуллаевтың есімі берілген "Жас сақшы" сыныбы салтанатты түрде ашылды.

Іс-шараға Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Мақсат Асқаров пен Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев арнайы барып, бұл бастаманың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар полиция департаменті бастығының атынан мектеп ұжымына, ата-аналар мен оқушыларға алғыс хаттар табысталып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі. Одан әрі ардагердің көзін көрген замандастары мен туыстары сөз алып, оның өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі жайында естеліктерімен бөлісті.

Осылайша Арыс қаласында екінші "Жас сақшы" сыныбы ашылып, өскелең ұрпақ арасында заңдылық пен тәртіпті насихаттауға бағытталған тағы бір игі қадам жүзеге асырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру