Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

26 жастағы ақтөбелік біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен

Ақтөбеде ұрланған көлік «Самара-Шымкент» автожолында табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 наурызда №3 қалалық полиция бөліміне автокөлігінің ұрланғаны туралы арызбен жергілікті тұрғын жүгінген. 37 жастағы ер адам үйінің ауласынан түнгі мезгілде белгісіз біреудің ресейлік есептегі «ВАЗ-2114» маркалы көлігін ұрлап кеткенін айтқан. Шығын сомасы 800 мың теңгені құрады.

Бұл факт бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері «Самара-Шымкент» автожолында 26 жастағы жігіт басқарып келе жатқан ұрланған көлікті тоқтатты.

Полиция бөліміне жеткізілген күдікті тағы екі автокөлік ұрлағанын мойындады. Қазіргі уақытта жас жігіт қамауға алынды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру