27 жастағы қыз елордалық жатақханалардың бірінен велосипед ұрлап кетті
Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жатақханадан велосипед ұрлаған қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға екі дөңгелекті көліктің иесі құны 65 мың теңге тұратын велосипедінің ұрланғаны туралы хабарлаған.
Тергеу барысында 27 жастағы қыздың күндізгі уақытта Республика даңғылындағы жатақхананың кіреберісіне кіріп, дәлізде тұрған велосипедті көргені анықталды. Куәгерлердің жоқтығын пайдаланып, ол сымарқанмен бекітілген велосипедті кесіп, ұрлап әкеткен. Күдікті ұрланған велосипедті өтіп бара жатқан адамға төмен бағамен сатып үлгерген. Ол мұны мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматшаның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті велосипед ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертеді және келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
– велосипед рамаларын белгілеңіз (айрықша белгілерін қойыңыз);
– велосипедтерді кіреберістерде (домофон орнатылған болса да), дүкендер мен саябақтардың жанында қараусыз қалдырмаңыз;
– сенімді велосипед құлыптарын қолданыңыз (мүмкіндігінше U-құлыптары).
Сондай-ақ полиция көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе өткізу ҚР ҚК-нің 196-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.