Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жұмыс берушінің үйінен гауһар тастарды ұрлаған үй қызметкері ұсталды

Елордада жұмыс берушінің үйінен гауһар тастарды ұрлаған үй қызметкері ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен гауһар тастары бар алтын сырғалары ұрланғанын айтып арызданған.

Арызданушы үй қызметкерінен күдіктенетінін жеткізген. Ол хабарландыру сайты арқылы тапқан 43 жастағы әйелдің үйде бір ай жұмыс істегенін айтты. Келіп жүрген уақыттарының бірінде жұмысшы жатын бөлмені жинап жүріп, шкафтан киім-кешек пен сырғаларды ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Оның ломбардқа тапсырған ұрланған зергерлік бұйымдары тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығына тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру