Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полицейлері көмекке мұқтаж көпбалалы отбасына қолдау көрсетті

Жетісу полицейлері көмекке мұқтаж көпбалалы отбасына қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл сайын 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы 1954 жылы жариялаған және бекіткен Балалар күні бүкіл әлемде атап өтіледі. Ол балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттарды көздейді.

Аталған мерекені құрметтеу аясында Ақсу аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қазіргі уақытта өмірлік қиындықтарға тап болған көпбалалы отбасылардың біріне қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысты. Отбасына кіріп шыққаннан кейін полицейлер балаларға қажетті азық-түлікті сатып алып, оларға беріп жіберді.

– Қиын жағдайға тап болған көпбалалы отбасыларға мерзімді түрде көмек көрсетіледі. Біз мұндай отбасылардағы балаларды назардан тыс қалдырмауға тырысамыз. Мереке күндері сыйлықтар береміз. Бұл жолы біздің жігіттер бес бала тәрбиелеп отырған отбасына баруды ұйғарды. Қайырымдылық – бұл адамға деген ізгі ниет пен адамгершілік құндылықтарын білдіретін қиын сәттегі қамқорлық пен қолдаудың көрінісі, – деп атап өтті Ақсу АПБ бастығының орынбасары Данияр Қапжасаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру