Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” науқаны өтіп жатыр

Алматыда “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” науқаны өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн!” республикалық науқаны өтіп жатыр.

– Іс-шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы тұру, полицияға деген сенім деңгейін арттыру, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мақсатында өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бағытында атқарылып жатқан шаралармен халықты таныстыру. Шара аясында тұрғындар арасында ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды жасаған, алкогольдік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтау және есепке алу, сондай-ақ олардың тұрмыстық өмірде қылмыс жасамауларын қадағалау, – деді Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Диас Дуанбеков.

Науқанға дағдарыс орталықтары да белсене қатысуда. Онда құқықтық кеңес және психологиялық көмек көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық деректері туралы хабардар болсаңыз немесе осындай зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз, полицияға келесі телефондар арқылы хабарласуыңыз қажет:

Алматы қаласы ПД: 254-45-99;
Алмалы аудандық ПБ: 254-46-09;
Алатау аудандық ПБ: 227-55-54;
Әуезов аудандық ПБ: 298-53-33;
Бостандық аудандық ПБ: 254-47-26;
Жетісу аудандық ПБ: 254-49-43;
Медеу аудандық ПБ: 254-48-66;
Түрксіб аудандық ПБ: 298-54-25;
Наурызбай аудандық ПБ: 254-49-48.

Дағдарыс орталықтарының телефондары:

“Родник” ҚҚ – 396-19-38;
“Жан-Сая” КММ – “150” (анонимді, тәулік бойы) немесе 8-771-450-34-50;8-727-243-22-21
“Аналар үйі” КҚ -8-747-311-41-09; 8-747-311-40-51; 8-747-311-40-67.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру