Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік қайтарымсыз қаржы аламын деп ақшасынан айырылды

Шымкенттік қайтарымсыз қаржы аламын деп ақшасынан айырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қарашада Қаратау АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында алты айдан бергі танысы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы 10 млн теңге алып беремін деп 800 мың теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол жұмыссыз, Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру