Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері жоғалған 11 азаматты іздестіруде

Павлодар полицейлері жоғалған 11 азаматты іздестіруде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Әкемді, жұбайымның анасын, ағамды, ұлымды, қызымды табуға көмектесіңіздер” деген мұндай өтініштермен Павлодар облысының тұрғындары күн сайын полицияға жүгінеді.

– 2022 жылы азаматтардың хабар-ошарсыз кету фактілері бойынша 62 іздестіру ісі жүргізілді. Жоғалған адамдардың 51-і табылды. Сонымен қатар із-түзсіз жоғалған төрт кәмелетке толмағанды іздестіру жарияланды. Олар қабылданған шаралармен іздестіріліп, заңды өкілдеріне қайтарылды, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балтабай Қапаров.

Мәселен, 2022 жылдың 21 қарашасында анасы үстіміздегі жылдың 18 қарашасында Павлодар қаласындағы білім беру мекемесінен шығып, туыстарымен байланысын тоқтатқан қызын табу туралы арызбен полицияға жүгінді. Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 қарашада Павлодар қаласында құрбысымен бірге жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды.

Айта кетейік, әзірге 11 азамат табылған жоқ. Қазіргі уақытта із-түзсіз жоғалған адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Белгісіз жоғалып кету фактілерінің көпшілігі өмір қауіпсіздігіне немқұрайлы қараудан немесе айналадағы адамдардың немқұрайлы көзқарасынан туындайды. Адам үйден дүкенге шығып, үйіне қайтып келмеді, жұмыстан шығып, әдеттегі уақытта келмеді, сабақтан кешігеді, межелі жеріне жетпеді – бұл алаңдаушылықтың кез-келгені полицияға жүгінуге себеп болуы мүмкін.

– Біздің көптеген азаматтарымызда жоғалған адамды іздестіру туралы полицияға адам жоғалып кеткеннен кейін үш күн өткен соң ғана жүгінуге болады деген қате пікір бар. Бұл жалпы қате түсінік. Өтініш беру үшін мұндай уақыт шектеулері жоқ. Адамның белгісіз жоғалып кетуі туралы ақпарат полицияға және телефон арқылы берілуі мүмкін, – деп атап өтті Балғабай Қапаров.

Іздестіру іс-шараларының бірінші кезеңінде жоғалған туралы кез келген ақпарат маңызды: оның телефон нөмірлері, ұялы телефондарының IMEI нөмірі, таныстары мен достарының мекенжайлары, әдеттер мен хоббилер, жұмыс орындары, қарым-қатынас саласы, жоғалып кету жағдайлары туралы деректер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру