3 ай іздеуде болған жігіттің жүрген жері анықталды
Алматы облысының полицейлері 3 ай іздеуде болған 33 жастағы жігіттің жүрген жерін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың қазан айында полицияға Ақсу ауданының 1988 жылы туған тұрғынының үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағаны туралы ақпарат түскен. Ағасының хабар-ошарсыз кеткеніне алаңдаған оның Талдықорған қаласында тұратын қарындасы жергілікті полицейлердің көмегіне жүгінген.
– Ақпарат алған соң бірден іздеу жұмыстарын бастадық. Тәртіп бойынша түрлі нұсқаны қарастырдық. Тәжірибелі мамандар оң нәтижеге қол жеткізіп, 7 қаңтарда іздеу жарияланған жігіт Сарқан ауданынан табылды. Жігіттің туыстарына хабар берілді. Енді жігіттің неге хабарсыз кеткені және осы уақыт аралығында қандай жағдайда өмір сүргені анықталатын болады, – деді Ақсу ауданы полиция бөлімінің бастығы Әділмұрат Байзолда.