Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 күн ішінде 3721 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Алматы облысында үш күнде 3721 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында 5-7 қаңтар аралығында Алматы облысының аумағында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

– Жедел – алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 3721 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 1000-нан астам тұрғын үйді аралады. Профилактикалық есепте тұрған 2587 тұлға тексерілді. Және қабылдау-тарату орындарына – 5 адам, уақытша бейімдеу және интоксикация орталықтарына – 3 адам жеткізілді, – деп хабарлады Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері ұсақ бұзақылық пен қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу деректері ең көп тараған құқық бұзушылықтар екенін атап өтті.

– Бұл іс-шара облыстағы криминогендік жағдайды айтарлықтай жақсартуға, сондай-ақ құқыққа қарсы барлық іс-әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді, – деп толықтырды Бағдат Әшімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру