Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 әйел дүкеннен киім ұрлаған

Түркістан облысының полицейлері дүкеннен киім ұрлаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ордабасы АПБ-нің кезекші бөліміне Шұбарсу ауылында орналасқан «Балалар киімі» дүкенінің иесі хабарласып, тауары ұрланғаны туралы арызданған. Жігіттің айтуынша, күндіз оның дүкенінен белгісіз біреулер түрлі киімдерді ұрлап кеткен. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша Ордабасы АПБ-не тіркелді.

Оқиға орнына шұғыл  жедел-тергеу тобы келіп, күдіктілерді анықтауға кірісті. Полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларын тексеріп, жақын маңдағы аумақтарды аралап шықты.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы АПБ-нің  полицейлері балалар киімін ұрлаған үш күдіктіні ұстады. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай,  олар дүкенге сатып алушылар ретінде кіріп, тауарларды байқатпай  сөреден ұрлаған. Күдікті әйелдер істің барлық мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қолхатпен босатылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Дүкендерде және басқа сауда орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы қажеттігін естен шығармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру