Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Карантин режимінің сақталуы қатаң бақылауда тұр

Сарыағаш ауданының полицейлері карантин талаптарының сақталуы мақсатында 1400-ге жуық нысанды тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында Сovid-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында карантин режимі енгізіліп, эпидемиологиялық жағдай қалыпқа келгенге дейін шектеу шаралары қолданылғаны белгілі. Осыған байланысты, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданында полиция қызметкерлері мен мүдделі органдар өкілдерінен құрылған мобильдік топтар күн сайын рейдтік және түсіндіру іс-шараларын жүргізуде.

Аталған мерзім ішінде мобильдік топтар карантиндік режимнің сақталуы мақсатында 1392 нысанды тексерді, оның ішінде алаңдар мен саябақтар, базарлар мен дүкендер, сауда орталықтары мен көңіл көтеру орындары, кафелер, моншалар мен демалыс аймақтары, қоғамдық көлік және адамдар көп жиналатын басқа да орындар бар. Нәтижесінде полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша 155 құқықбұзушылықты тіркеді. Барлық жайттар бойынша жинақталған материалдар Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.

Сондай-ақ, рейд кезінде тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы “Ортақ су пайдалану ережелерін бұзу бойынша 200 заң бұзушылықты анықтады. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, заңды шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданды. Сарыағаш ауданының полицейлерімен карантинді бұзушыларға қатысты 598 ескерту беріліп, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес енгізілген шектеу шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар, Сарыағаш аудандық ПБ қызметкерлері тұрғындар арасында, 65 жастан асқан қарттар мен 14 жасқа толмаған балалар арасында карантинді қатаң сақтаудың маңыздылығы, үнемі медициналық бетперде тағу, үйде отыру қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру