3 атбасарлық героин өткізгені және сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Атбасардың үш тұрғыны 2,5 мың героин мөлшерлемесін өткізгені және сақтағаны үшін 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың күзінде Ақмола облысының есірткі полицейлері аса ірі мөлшерде героин өткізуді ұйымдастырған Атбасардың үш тұрғынын: отбасылық жұпты және олардың танысын ұстады. Қылмыстық топтың екі мүшесі бұған дейін ауыр қылмыстар, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған.
Сатуға дайындалған есірткіні олар сотталушының біреуінің анасының үйінде жуынатын бөлмеде сақтаған және ықтимал сатып алушының тапсырысы бойынша героинді аз мөлшерде алып отырған. Сотталушылар есірткі сату барысында сақтану шарасы ретінде сатып алушыға сол жерде иньекция жасауды ұсынып отырған.
Жақында Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы іс бойыша процесс аяқталды. Сот қарауы нәтижесінде сот топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі өткізуді ұйымдастырғандары үшін үш сотталушыны 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Сотта 500 граммға жуық героиннің сақталғаны және өткізілгені дәлелденді. Айта кетейік, заңнамада 1 граммнан астам салмағы бар героин аса ірі мөлшердегі есірткі қатарына жатқызылған. Осылайша, 2,5 мыңнан астам бір реттік мөлшерде есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді.