Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жоғалып кеткен 3 жасар бала табылды

Шымкенттік полицейлер үш жасар баланы аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамыз күні сағат 21:30 шамасында “102” нөміріне Әл-Фараби ауданының тұрғыны баласының жоғалып қалғанын хабарлаған.

Осы хабарлама бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция полкінің № 966 автоэкипаж қызметкерлері Б.Ахметов және  С.Абилов шұғыл іздестіру шараларына кіріскен. Жақын аумақтардың барлығын қарап, тұрғындардан сұрастырған. Жедел іс-әрекеттің нәтижесінде үш жасар бүлдіршін Әл-Фараби ауданы Д.Қонаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің ауласынан табылып, аман-есен анасына жеткізілді. Балақайдың анасы оқыс оқиғаның алдын алып, ұлын дін аман тауып берген полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын білдірді. Осы орайда, полиция қызметкерлері барлық ата-аналарға өз балаларына тиісті деңгейде көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру