Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Кәсіп бастауға көмектесемін”: Шымкентте кезекті алаяқтық жайты анықталды

Шымкентте кезекті алаяқтық жайты анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қараша күні сағат 22:05-те Әл-Фараби АПБ-ға жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол арызында бірнеше жылдан бергі танысы жеке өзіне тиесілі ірі кәсіпкерлігінің бар екенін біліп, сеніміне кіру үшін Африка мемлекетінен алтын әкеліп сататынын айтып: егерде 20 мың АҚШ долларын алдын ала берсең, әр 20 күн сайын үстіндегі пайдасы ретінде 20 мың АҚШ долларын аласың деп ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарды алған бойда жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының жұмыссыз 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында күдіктінің алтын саудасымен айналысатыны белгілі болды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені анықталып отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру