Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі еккен тұрғын 3,5 жылға сотталды

Түркістан облысында есірткі еккен тұрғын 3,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс аудандық ПБ-ның “102” нөміріне жергілікті тұрғынның бірі өз ауласында есірткі затын өсіретіндігі және сақтайтындығы туралы хабар келіп түскен.

Полиция қызметкерлері аталған ақпаратты ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) бойынша тіркеп, қылмыстық істі ашуға бірден бағыт алды. 

Арыстық тәртіп сақшылары есірткі қылмысының алдын алу бойынша аталған мекенжайға барды. Осылайша күдіктінің үйін тінту барысында ауласында 146 түп есірткіге ұқсас өсімдікті еккенін анықтады. Полицейлер үйден алынған есірткіге ұқсас өсімдік заттарына сараптама тағайындады. Оның қорытындысына сәйкес, ұсынылған заттың салмағы 20 келіден астам сора екені белгілі болды.

Істің ақ-қарасын ажыратып, нақты дәлелдер жинақталып, қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Нәтижесінде соттың үкімімен 44 жастағы арыстық тұрғын ҚК-нің 300-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру