Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ер адам дүкеннен ет ұрлаған

Шымкентте ер адам дүкеннен ет ұрлаған, — деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында 13 қарашада сағат 10:05 шамасында өзінің меншігіндегі сауда үйіне белгісіз тұлға келіп, ондағы сауда сөрелеріндегі ет өнімдерін жасырын түрде жымқырып, бой тасалағанын жазып көрсеткен.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі – 6374 теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Еңбекші АПБ-ға криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері қылмысты ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетіп, қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді.

Ол Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі кезде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру