Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«30 игі іс» акциясы: Ақмола полицейлері 72 жастағы тұрғынға қол ұшын берді

Ақмола полицейлері 72 жастағы тұрғынға қол ұшын берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қалалық ПБ № 4 учаскелік полиция пунктіне Железнодорожная көшесінде орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары жүгінді. Облыс орталығының тұрғындары қарт әйелдің пәтерінде антисанитариялық жағдай болуына байланысты шара қолдануды сұрады.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында Ақмола облысында полиция жұмысының сервистік форматын қамтамасыз ету бөлігінде аталған мекенжайға коммиссияның шығуын жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Жұмыс тобының құрамына полицейлерден басқа жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары кірді. Тексеру барысында факт толығымен расталды.

Облыс орталығының жалғыз басты 72 жастағы тұрғыны егде жасына және денсаулық жағдайына байланысты пәтерді тиісті деңгейде ұстай алмағаны анықталды. Тұрғын үйде тұрмыстық қалдықтар салынған көптеген қаптар болды, бұл жәндіктер мен кеміргіштердің, сондай-ақ жағымсыз иістің пайда болуына себеп болған.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Көкшетау қаласы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп барлық жиналған тұрмыстық қалдықтарды шығарылды, содан соң санитарлық бақылау қызметі пәтерде дезинфекция жүргізді. Пәтерді тазалау үшін самосвал қолданылды. Нәтижесінде екі көлік қоқыс жиналды.

Қазіргі уақытта пәтер тұрғыны ауруханаға жатқызылып, ем алуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру