Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында 66 көлік айыптұраққа қойылды

Шымкентте “Қауіпсіз жол” іс-шарасы барысында 66 көлік айыптұраққа қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтаулары, жол-көлік оқиғаларын алдын алу, болдырмау мақсатында 8 қарашадан бастап “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Сондай-ақ, рейдтік шара Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы және Көлік прокуратурасының қызметкерлері, басқа да қоғамдық өкілдердің қатысуымен жүргізілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның төртінші күнінде көлік жүргізушілермен жасалған жалпы 3524 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 66 көлік айыптұраққа қойылды. Авариялық қауіпті аймақ болып есептелетін 230 шақырым көше бойы зерделеніп, 85 дана жол белгілері орнатылды.
Атап айтқанда: тиісті рұқсатынсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқарған – 19, рейс алдындағы міндетті техникалық және медициналық байқаудан өтпеген – 23, техникалық байқаудан өтпеген – 131, ұялы телефон пайдаланған – 202, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 313 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен қатар қозғалыстың қарсы жолағына шыққан – 9, басып озу немесе маневр жасау тәртібін бұзған – 114, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен – 45, жаяу жүргіншіге басымдық бермеген – 36, авариялық жағдай туындатқан – 12, көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның басқарған – 14, көлік құралын мас күйде басқарған – 22 жүргізуші анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру