Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

31 жастағы алматылық әйел кебек экспортына инвестиция салуды ұсынды

31 жастағы алматылық әйел кебек экспортына инвестиция салуды ұсынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасының өндірісінде 31 жастағы К.есімді азаматшаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары бар.

– К.есімді азаматшаның экспорт бойынша курс жүргізгендігі анықталды. Онда ол оқуға қатысушыларға кебек экспортына 50/50 пайдасымен келісімшартқа ақша салуға шақырды. Сонымен қатар, әйел оларды осыдан жақсы пайда болатынына және қомақты ақша таба алатынына сендірген. Курс тыңдаушыларының арасында дәріскерді шынайы ниетті адам деп есептеп, 1,6 млн теңге салған жәбірленуші А.есімді азаматша да бар. Содан бір айдан кейін К.есімді азаматша экспортқа шығарылатын вагонды залалсыздандырамыз деген сылтаумен жәбірленушіден тағы 770 мың теңге талап еткен. Қазіргі таңда кебек экспорты орындалған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті Өзбекстаннан кебек экспорттап жүргенін растайтын құжаттарды көрсетпеді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Тағы бір эпизод Бостандық АПБ-да тіркелді. К.есімді азаматша астық жеткізу жобасына қаржы саламын деген желеумен алдап, сенімге кіріп, С.есімді азаматшаға тиесілі 6 миллион теңгені иемденген.

– Барлығы үш қылмыстық іс бар. Олар ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі бойынша бір іс жүргізуге біріктірілді. Күдікті қамауға алынды. Ағымдағы жылдың қараша айының басында ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 300-бабы бойынша айыптау актісін бекіту үшін Бостандық ауданының прокурорына жіберілді. Содан кейін материалдар аудандық сотқа берілді, – деді Р. Әбдірахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру