Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыстық полицейлер қоршаған ортаны ластағандарды анықтады

Арыстық полицейлер қоршаған ортаны ластағандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында қоқыс тастаушылар тыйылмай тұр. Арыстық полицейлермен кезекті рет жүргізілген тексеру мұны анықтап берді. Тұрмыстық қалдықтарды, яғни күл-қоқыстарды белгіленбеген аумаққа тастағандар жауапқа тартылды.

Көшелерді аралау барысында санитарлық және абаттандыру қағидаларын бұзған 12 тұрғын үй және коммерциялық нысан иелері жауапқа тартылған.

Сондай-ақ, тексеріс барысында Арыс АПБ ЖПҚ УПИ-мен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 198 әкімшілік хаттама толтырды. Ал ҚР ӘБҚтК 434-2-бабы (Қоғамдық орынды ластауға) қатысты әкімшілік жауапкершілікке 295 адам тартылды. Шара барысында аудан тұрғындарына алдағы уақытта абаттандыру қағидаларын бұзбау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысының полицейлері жергілікті тұрғындарға, тек арнайы белгіленген орындарға ғана күл-қоқыс тастауға кеңес береді. Заңға қайшы тірлік жасасаңыз, оның жауапкершілігі барын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру