Істі болғандарға ЖИТС-пен күресу жолдары айтылды
Ақтөбеде сотталғандарға ЖИТС-пен күресу жолдары айтылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде осы тектес жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары және түсінік жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.Ақтөбе облысы ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/3 мекемесі облыстық СПИД орталығымен бірлесіп, жазасын өтеушілермен кездесу өткізді. Жиын барысында дәрігерлер жазасын өтеуші сотталғандарға жұқпалы аурулардың таралу жолдары және одан сақтану туралы кеңінен түсінік берді. Есірткі заттары және спирттік ішімдіктердің зиянды әрекеттері жөнінде әңгімелеген облыстық СПИД орталығының дәрігерлері Айжан Жайлаубаева мен Әлия Ердибекова, сотталғандар қойған
сұрақтарға толық жауап берді.
«Шараның мақсаты – әлемді қоғамның АИТВ/ЖИТС-ң таралу мәселелеріне көңіл бөлу. Жабық мекемеде жазасын өтеушілердің індетке шалдықпаулары үшін оны жұқтырмаудың жолдарын түсіндіру,- дейді КА-168/3 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбиелік жұмыстар бөлімінің жасақ бастығы Асланбек Меңдыбаев.
Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығының
нұсқаулығымен, сотталғандар арасында жұқпалы аурулардың алдын алу үшін мекемелерге қалалық емхана дәрігерлері шақыртылып, жоғарыда аталғандай медициналық тұрғыда түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.