Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған шақырту – адам өмірін бәске тігеді

Жамбыл облысында “112” бірыңғай шұғыл қызметі қабылдаған оғаш қоңыраулар саны 14598-ге жетті,-деп хабралйды Polisia.kz.
“112” бірыңғай шұғыл қызметі Жамбыл облысының аумағында бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келеді.Жылдан-жылға қоңыраулар саны артып келеді. “112” қызметіне қатысы жоқ қоңыраулар соғу жағдайлары жиеленді.
Ағымдағы жылдың қантар айында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің күштер мен құралдарды басқару орталығының диспетчерлері “112” желісі бойынша 37 228 қоңырау қабылдап үлгерген. Оның ішінде тек 4987 негізгі қызмет бойынша болып саналса, “101” желісі бойынша -129, “102” желісі бойынша – 8848, 3698 қоңырау – “103” желісі бойынша, ақпараттық- анықтамалық сипатында 4968 қоңыраулап келіп түскен. Бұдан әрі, оғаш қоңыраулардың саны 14 598 жетті. Олардың арасында ұялы телефон тексеру және балалардың әзілдеп қоңырау соғуын жатқызуға болады.
Жамбыл облысының құтқарушылары облыс тұрғындары мен қонақтарынан “112” нөмірін термес бұрын, ойлануы қажеттігін өтінеді. Аталған телефон желісі шынайы түрде шұғыл көмекке мұқтаж азаматтарға аса қажет болуы әбден мүмкін.
Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің баптарына сәйкес арнайы қызметтерге жалған шақырту үшін әкімшілік айыппұл салынады. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын, полиция қызметі мен медициналық жедел жәрдемді жалған шақыртқан жағдайда жеке тұлғаларға айыппұл салынады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру