34 ақмолалыққа алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды
34 ақмолалыққа алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 маусым күні Степногорск қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне 38 жастағы жергілікті тұрғыннан осы жылдың ақпан айынан бастап 40 жастағы бұрынғы жұбайы баласына алимент төлемей жүргендігі туралы өтініш келіп түсті. Залал сомасы 661 300 теңгені құрады.
Ер адамға қатысты балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция ата-ананың өзінен бөлек тұратын бала алдындағы қаржылық міндеттемелерін орындаудан үш айдан астам жалтаруы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салды. Ата-аналар балаларын кәмелетке толғанға дейін асырауға міндетті. Бұл жауапкершілікке ата-аналар арасындағы қарым-қатынас әсер етпейді.
Жыл басынан бері Ақмола облысында алимент төлемегені үшін 34 қылмыстық іс тіркелді, оның 26-сы аяқталды.