500 мың теңгеге алданған зейнеткер
Ақтөбе облысының Полиция департаменті Ырғыз ауылында белгісіз адам жергілікті тұрғынды 500 мың теңгеге алдап- соқты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 сәуір күні Ырғыз ауылында белгісіз азамат жергілікті тұрғынды 500 мың теңгеге алдаған. Белгісіз адам 1955 жылы туылған жергілікті тұрғынға үй телефонына қоңырау шалып, оның 1982 жылы туылған ұлы есірткімен ұсталған айтады. Алаяқ ұялы телефон нөміріне шұғыл түрде 500 мың теңге аударуды талап етеді. Сенімді зейнеткер сол нөмірге ақша аударып бірнеше сағаттан кейін ұлы үйге қайтып келгенде, онымен осындай жағдай болмағаны анықталады.
Содан кейін зейнеткер полицияға жүгінді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті бұл бұрыннан белгілі қылмыскерлер қолданатын механизм екенін хабарлайды. Алаяқтар полиция қызметкерімін деп түрлі оқиғаларды пайдаланады. Сондай-ақ сіздің жақындарыңыз ЖКО-ға түскенін, есірткі үшін ұсталған хабарлауы мүмкін, және тағы басқасы. Олар кенет әсерін пайдалананып адамдардың қорқынышын сезіне отырып, сенімді қылып айтады.