Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полицейлер қосымша оқу курсынан өтіп жатыр

Карантинде патрульдік және учаскелік полиция қызметкерлері қосымша оқу курсынан өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Карантиндік іс-шараларға тартылған жеке құраммен қосымша сабақтарды жергілікті полиция бөлімшелерінің бастықтары мен әскери бөлімдердің командирлері, сондай-ақ, жетекшілер жүргізеді.

“Бақытымызға орай, біздің еліміздің тарихында бұрын төтенше жағдай мен карантин болған емес. Сондықтан бүкіл қоғам өмірдің жаңа жағдайларына үйренуі керек. Қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін полиция қызметінің механизмі де өзгертілді: патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция және басқа да бекітілген күштер. Қазір бұл қызметкерлер қала шетіндегі тосқауыл посттарында, сонымен қатар, жаяу патрульдерде жұмыс істейді. Сондықтан, ең алдымен, осы қызметтердің өкілдері жеделдетілген нұсқаулардан өтті. Олардың қатысуымен біз іс жүзінде жиі кездесетін жағдайларды анық қалпына келтіріп, мына жағдайларды ұсындық: қалада жүруге рұқсаты бар-жоғына көлік құралын қалай тексеру керек, балалары аулада ойнап жүрген ата-аналар арасында алдын-алу жұмыстарын қалай жүргізу керек, азаматтарды төтенше жағдай режимін бұзу және полицияның талаптарына бағынбағандары үшін заңда қарастырылған жауапкершілік туралы қалай ескерту керек”, – деді, Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Полиция сап кезінде екі ауысымда жаттығулар өткізеді. Бұл олардың кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатуға және өзіне жүктелген міндеттерді сәтті орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру