Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

41 отбасылық жанжалқор жауапқа тартылды

Ақмола полицейлері «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тұрмыста құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 7 қыркүйегінен «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды, оған облыстық Полиция департаментінің барлық қызметтері мен құрылымдарының жеке құрамы тартылды.

Учаскелік инспекторлар тұратын адамдар туралы мәліметтер алу үшін өз учаскелерін пәтер бойынша және аулаларды аралап шығады, азаматтардың тіркелуі тексеріледі. Учаскелік инспекторлармен бірге күн сайын отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтаумен және алдын алумен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі құрылымдарының қызметкерлері айналысады, полиция қызметкерлері әрбір отбасыдағы ахуалға қызығушылық танытады.

Тәртіп сақшылары хабарлағандай, отбасылық қарым-қатынас саласында қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жағдайда, зардап шеккен адам учаскелік қызметкерге мәлімдеуге құқылы және құқық бұзушыға қатысты қорғау ұйғарымы жазылады.

Мәселен, тұрмыстық қатынастар саласындағы «Учаске» жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу басталғаннан бері ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша 41 отбасылық жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша (Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) бойынша 326 әкімшілік хаттама жасалды.

Полиция майоры Марина Беликтің айтуынша, қорғаныс ұйғарымын шығару үшін сотқа барудың қажеті жоқ, оны учаскелік полиция қызметкері жаза алады. Осыдан кейін бір ай ішінде жанжалқор бақылауда болады. Оны полицияға шақырады немесе полиция қызметкері үйіне келіп, көршілерінен сұрайды. Қорғау ұйғарымын шығару кезінде қайталама тұрмыстық құқық бұзушылық кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша тәртіп бұзушыны сотқа апарып, бес тәуліктен жеті тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасына кесуі мүмкін.

Үйдегі жанжалқор бірнеше рет учаскелік полиция қызметкері шығарған қорғау ұйғарымын елемеген кезде, әкімшілік сот оған қатысты «арнайы талаптар» шығарады. Бұдан басқа, осы талаптарды қайталап бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, олар бойынша 10 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындалатын болады ( ҚР ӘҚБтК 669-бабы).

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 54-бабы негізінде сот құқық бұзушыға жәбірленушіні іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша телефон арқылы сөйлесуге және кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз отбасы мүшелерін қоса алғанда, өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салуға құқылы. Сондай-ақ, сот отбасылық жанжалқорға атыс қаруын және басқа да қаруды сатып алуға, сақтауға, алып жүруге және пайдалануға тыйым салады және үш айдан бір жылға дейін созылатын бірқатар басқа тыйымдар шығарады. Ерекше талаптар бұл құқық бұзушыға қатысты шектеулер, оны тек сот белгілейді.

Егер жанжал болса және ерекше талаптар қойылғаннан кейін жәбірленушіні қудалай бастаса, қарумен қорқытса, алкоголь мен есірткіні теріс пайдаланса, қылмыстық іс қозғалады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру