Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғын үйдің кіре берісінен велосипед ұрланды

Ақтөбе қаласы №1 қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы қала тұрғыны полицияға велосипед ұрланғаны туралы арызданған. Ер адамның айтуынша, кіре берісте бекітілмей тұрған “BMW” маркалы велосипед ұрланған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Күдіктіден ұрланған “BMW” велосипеді тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, оның Ақтөбе аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Жыл басынан бері облыс аумағында 137 велосипед ұрланды, оның ішінде бүгінгі күні 96 қылмыс ашылды.

Құрметті Ақтөбе тұрғындары мен қонақтары, екі дөңгелекті көлігіңізді қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз. Велосипедтердің қолды болмауы үшін велосипедтерді кіре беріске қалдырғанда бекітуді ұмытпаңыз, қараусыз қалдырмаңыздар. Егер кіре-берісте күдік тудыратын бейтаныс адамдарды байқасаңыз, “102” нөмірі бойынша полицияға хабарласуыңызға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру