Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Арыс ауданының полицейлері 150 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Арыс ауданының полицейлері “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында 150 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасының алты күні ішінде Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері 153 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін екі жүргізушіні ұстады. Сондай – ақ, тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін 69 жүргізушіні, қарсы жолға шыққаны үшін бір жүргізушіні және жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін бір жүргізушіні жауапқа тартты. 19 адамға қатысты белгіленбеген жерлердегі жолдарды кесіп өткені үшін әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар, “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер Арыс ауданы аумағында ұсақ бұзақылықтың тоғыз жайтын, алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың 10 жайтын және қоғамдық орындарда алкоголь ішудің 10 жайтын анықтады. Полиция бөліміне түнгі уақытта үйден тыс жерде ересектердің қарауынсыз жүрген үш жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласы бойынша құқыққа қайшы әрекеттердің үш жайты тіркелді.

Профилактикалық есепке 25 адам қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының полицейлері облыс аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның негізгі мақсаты криминогендік жағдайды жақсартуға, көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыруға, қылмыстарды ашу мен күдікті адамдарды ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және облыс орталығы мен облыс аумағында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру