49 жастағы павлодарлықтан қару тәркіленді
«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында тегіс ұңғылы қару тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 26 тамызда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен Ертіс ауданының 49 жастағы тұрғыны анықталды, ол өз үйінде тіркелмеген «ТОЗ – 34» маркалы тегіс ұңғылы екі ұңғылы мылтықты сақтаған.
Осы факті бойынша баллистикалық зерттеу тағайындалды. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жыл басынан бастап Ертіс ауданының полицейлері сақтау және тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 25 азаматтық қару иелерн жауапкершілікке тартты. Үш қару иесі атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылды