Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицияға қайтарылған көлігі үшін алғыс айтты

Павлодар қаласының тұрғыны Ерлан Қабыкенов полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовке алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылы Ерлан Қабыкеновтың үйінің ауласынан 2011 жылы шыққан “Тойота Авенсис” автокөлігі ұрланған.

Департамент бастығы аталған қылмысты ашу мәселесін жеке бақылауына алды. Қылмысты бүкіл ұйымдасқан қылмыстық топ жасағаны белгілі болды. Мұқият атқарылған жұмыс нәтижесінде полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтады.

– Нұрлан Мырзаханұлына жұмысты ұйымдастыру және бақылау үшін, сондай-ақ жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тиімді тергеу жүргізгені үшін зор алғысымды білдіремін. Жаслан Танжанов, Асылбек Қайроллаев, Дәурен Байғозин, Есімхан Жанпейісов, Диаз Қалкамбеков және Досжан Капсаттаровтың жұмысын атап өткім келеді. Сізге және сіздің қызметкерлеріңізге қызметте табыс және мықты денсаулық тілеймін! , – дейді Ерлан Бекенұлы.

Айта кету керек, ұрлық қылмыстың ең қиын түрі болып табылады, дегенмен, кәсіпқойлық пен қажырлы еңбектің арқасында Павлодар полицейлері осындай қылмыстарды ашып, қаскүнемдерді ұстай алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру